Құрылған жылы – 1949 жылы 25 ақпанда — Еңбек резервінің Ақтөбедегі Бас Басқармасының бұйрығымен № 6 фабрикалық — заводтық оқыту;
1958 жыл | № 6 құрылыс мектебі құрылыс училищесі болып қайта құрылды. |
1963 жыл | № 6 құрылыс училищесі қалалық кәсіптік-техникалық училищелер қатарына еніп, ГПТУ-12 болып аталды. |
1960 жылдан | училищеге Белоруссия, Украина және ССРО-ның басқа да аудандарының балалар үйлерімен интернаттарынан оқушылар қабылданды. |
1964 жыл | училище ғимараты кеңейтілді. |
1973 жыл | Орта қалалық кәсіптік-техникалық училище болып қайта құрылды, үш жылдық оқу мерзіміне көшті. |
1994 жыл | № 2 Жоғарғы кәсіптік техникалық училище-лицей болып қайта құрылды. |
1997 жылдан | № 2 кәсіптік -техникалық лицейі. |
2002 жылдан | № 2 кәсіптік лицейі Сериясы АА № 0001095 мемлекеттік лицензиясы бойынша кәсіптік білім беруде — құрылысшы мамандарын дайындауда. |
2013 жылдан | Атырау индустриалды колледжі болып атауы өзгерді. |
Атырау облысының әкімдігінің «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» 2013 жыл 23 қаңтар айындағы № 21 қаулысы негізінде «Атырау индустриалды колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.